| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | КПР сілтемелері Балдырған бб | |
| 2 | саусак жаттығулары |
Жадынама
Тақырыбы: «Өмірге салауатты қадам»
Балабақша медбикесінен ата-аналарға кеңес
Құрметті ата-аналар!
Балалардың денсаулығы - олардың үйлесімді дамуы мен бақытты өмірінің негізі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру отбасыдан басталады. Осыған байланысты төмендегі ұсыныстарды назарға алуыңызды сұраймыз:
1. Дұрыс тамақтану
Баланың күнделікті ас мәзірі көкөніс, жеміс, ақуыз, сүт өнімдері мен дәнді дақылдарға бай болуы керек.
Газдалған сусындар мен тәттілерді шектеу ұсынылады.
Таңғы асты міндетті түрде ішу - оқу мен белсенділікке күш береді.
2. Күн тәртібі
Ұйқы уақыты: мектепке дейінгі балаларға тәулігіне 10-12 сағат.
Белсенді ойын мен демалыс уақыты теңгерімді болуы тиіс.
Ұйқыға бір уақытта жату әдетін қалыптастырыңыз.
3. Қозғалыс белсенділігі
Күн сайын таза ауада кемінде 1,5-2 сағат серуендеу.
Қимылды ойындар мен жаттығулар бұлшық ет, жүрек-қантамыр және жүйке жүйесін нығайтады.
4. Жеке гигиена
Қолды сабынмен жиі жуу.
Тісті күніне екі рет тазалау.
Жеке заттарды (сүлгі, тарақ, тіс щеткасы) ортақ қолданбау.
5. Аурудың алдын алу
Маусымдық киіну.
Вакцинация күнтізбесін сақтау.
Балада әлсіздік, қызу, жөтел сияқты белгілер байқалса, уақытылы дәрігерге қарату.
Есте сақтаңыз:
Баланың денсаулық дағдылары - ата-ананың күнделікті үлгісінің нәтижесі.
Ізгі ниетпен,
Балабақша медбикесі Қ.Е.Жиева
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Мектепке дайындық | |
| 2 | Предшкола | |
| 3 | 1 сынып оқушысы не білу керек | |
| 4 | Ойын туралы жадынама | |
| 5 | Ойынға салауатты көзқарас кеңес ата-анаға | |
| 6 | Памятка | |
| 7 | Жадынама |