Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kasiet-abi-baldyrgan.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Бұралқы ит, мысықтан сақ болайық!

Қазақ итті жеті қазынаның біріне балаған. Әу бастан оның адал дос, сенімді серік екені мәлім. Жыл санауына енгізіп, ертегілерге қосуы да бекер емес. Тұрмыста да рөлі зор жануар. Мал, үй күзеттіреді. Аң аулауға пайдаланады. Десе де, олар қараусыз күйге түссе, адам өміріне қауіп төндіретін жағдайға жететінін ұмытпайық. Олай дейтініміз, қазір иесіз төртаяқтылардың мәселесі алаңдатарлық жағдайға жетті.

Қаңғыбас ит – жұқпалы ауру тасымалдаушы. Құтыру белгілері байқалғанда адамға шабуыл жасайды. Соңғы уақытта жабайы иттерді қаланың кез келген бұрышынан көруге болады. Көз үйренгендіктен бе, бейқамбыз. Оқыс оқиға болса ғана қимылдаймыз. Шабуыл жасаса ғана бас көтереміз. Олардың қауіпті екеніне мән бермейтініміздің белгісі осы.

Иттің иесі болса, ветеринарды шақыртып, тексертуіне болады. Ал көшедегі үйсіз-күйсіз хайуанды кім біліпті? Аш па, қараусыз ба? Зерделеген жан жоқ. Қош. Ит асырамасын деген заң жоқ. Бірақ оны сатудың да, серуендетудің де тәртібі мен ережелері бар. Қыдыртқанда тұмылдырығы болуы шарт. Итті күндізгі уақытта бос жіберуге болмайды. Адамдардан алшақ болуы тиіс. Жылына бір рет құтырма ауруына қарсы дәрі егіліп, денсаулығы тексерілуі шарт. Бірақ осы айтылғандардың көбі жасалмайды. Тексерту, үй ауласында бос жібермеу былай тұрсын, иелері есігінің алдындағы төбеттің қайда жүргеніне мән бермейтін кездері де кездеседі.

Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының айтуынша, қаңғыбас тұрмақ, қолындағы итіне қарамайтындар көп. Жартылай қараусыз жануар кісілердің қолынан тамақтанады. Қадағаламаса асырап несі бар дейсің. Бір жыл бұрын қалалық мәслихат шешімімен үй жануарларын ұстау бойынша қаулы шықты. Онда айыппұл салу мәселесі де қаралған. Қалада ит қыдыртатын арнайы орындар болуы тиіс. Ал иттің аты ит. Жүрген жерін ластап бүлдіреді. Тіпті, алаңшалардағы жалаған жерінен, аунаған шөптерден вирус жұғуы мүмкін.

Сондықтан әрбір ата-ана болсын, балабақша қызметкері болсын бүлдіршіндерге көшеде кездескен ит, мысықтардан келетін зардапты түсіндірсе,  түрлі аурулардың, қиыншылықтардың алдын алған болар едік.

 

 

Құтырудың емі жоқ

Құтыру ауруы негізінен иттердің сілекейі арқылы тарайды. Бұл ауру екі жылға дейін ағзада сақталады. Сондықтан ондай ауруға шалдыққан-шалдықпағанын адамдар бірден біле алмайды. Тек вакцинамен ғана сақтануға болады.

Дәрігерлердің айтуынша, ит қапқан жағдайда шұғыл ауруханаға келу керек. Ал үй жағдайында ем жасау адам өміріне қауіпті.
Ауруханада науқастарға екпе 5 рет салынады. Вакцина 1, 3, 7, 14, 28 күн аралығында жасалады.

Жалпы, үйсіз-күйсіз салпаңқұлақтар көбіне асыраушысы болмағаннан немесе адасып кеткеннен пайда болады. Ал қараусыз хайуанның әр жерді паналап, қоқыспен күнелтетіні белгілі. Бүгінде жабайы жануарлармен күресу әлемдік мәселеге айналған. Дамыған елдерде қаңғыбас иттермен күресудың өзіндік ережесі, қолданылатын шарасы да бар. АҚШ-та итті қадағалау қағидасы тұрғындардың бәріне ортақ. Оларда қаңғып жүргендерін мамандар ұстап алып, тексереді. Ауруы болса емдейді. Сөйтіп жануарларға арналған үйлерге тапсырылады.

Сол жерде қожайындары іздестіріліп, қолдарына табысталады. Ал, Германияда «Жануарлар құқығы туралы» арнайы заң қабылданған. Егелігіндегі ит, мысыққа жауапкершілікпен қарамаған қожайындар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейді.

Міне, өзге мемлекеттерде үйсіз-күйсіз салпаңқұлақтармен күрес осылай жүріп жатыр. Ал біздің елде төртаяқтылармен жүргізілетін жұмысқа көңіл толмайды.

 «Бұралқы иттерді аулап, жойып жатқан мамандарды көрмейміз. Неге көшелерде қаңғыбас иттер босып жүреді» деген қала тұрғындарының ветеринарлық қызметке өкпесі қара қазандай.

– Біздің байқағанымыз, қолға ұсталған иттер көп. Олар күшіктегесін кісі талаудан тайынбайды. Қожайынына байлап қоюды ескертеміз. Бірақ олардың кейбірі қолына иті тиген соң, қайтадан босатып жібереді. Егер тұрғындар ит-мысығына жанашырлық танытса, тәртіп реттелетін еді. Ал мысық аулау қиындау. Көпқабатты үйлердің жертөлелерінде емін-еркін жүреді. Тұрғындар үйлердің ашық-тесік орындарын бітеуі қажет. Әйтпесе, көзін жоя алмаймыз, - дейді ол.

Сала мамандарының айтуынша, кейбір қалалықтар «Тып-тыныш жүрген итте нелерің бар» деп ит аулаушылардың жұмыстарына кедергі келтіретін көрінеді. Ал онымен айналысатын мамандар көшеде бос жүрген салпаңқұлақтың иесі бар-жоғын қайдан біледі? Өкініштісі, жеті қазынаға кіретін ит қазір адамға дос болмай тұр.

Осы ретте Абай хакімнің «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген нақылы ойға оралады. Ит-мысықтан зардап шеккен адамдардың саны жылдан-жылға көбеймесе, азаяр емес. Мыңдаған бұралқы ит, мысықтың көзі жойылды деген жалаң цифр, санмен ғана сөйлейтін статистикаға сүйеніп, мәселені тек сонымен түйіндеудің жөні жоқ сияқты. Жабайы хайуандармен күресті заңмен мықтап шегелеп, нақты шарамен қолға алу керек. Себебі оның артында адамның өмірі мен денсаулығы тұр...

Қараусыз ит, қаңғыбас мысық көрсеңіз 4-13-15 нөмірлеріне хабарласыңыз.

 


Атауы Жүктеу
1 Ата-аналарға кеңес _Балабақшаға бейімделу_