Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kasiet-abi-baldyrgan.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Қасиет-АБИ» ЖШС-нің «Балдырған» балабақшасы жеке меншік мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Мекен-жайы: 030200 Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, Байтұрсынов көшесі, 19 үй, телефон: 8-71-337-4-18-15; электронды почта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., инстраграмм @bb_baldyrgan2015, Facebook: Балдырған Балабақша,  балабақша сайты: http://kasiet-abi.edu.kz/, Балдырған балабақшасы ютуб каналы  (https://youtube.com/channel/UCeoHJMcKVFyvItkFLPbnSzQ ).

«Қасиет-АБИ» ЖШС-нің «Балдырған» балабақшасы алғаш рет 01.09.2015 жылы (№ 0400.Х.КZ30VBS00013562) тіркеліп 70 баламен 3 топ (2 қазақ, 1 орыс тобы) болса, 25.01.2016 жылы ( № D.02.X.KZ41VBS00020251) қайта тіркеуінен өткізіліп 4 топ, 02.052017 жылы ( № D.02.X.KZ92VBS00069191) 6 топ ( 5 қазақ, 1 орыс тобы) болып ашылды. 2021 жылдың қазан айының 1інен 1 топ (сөйлеуінде бұзылушылығы бар түзету тобы) қосылып, жалпы топ саны 7 болды(01.10.2021 ж № D.02.X.KZ72VWF00049108. Заңды тұлғаларды қайта тіркеу куәлігі  №10100114717590  БИН: 150540020265

Мектепке дейінгі мекеменің меншік иесі құқығына иелік ететін құжаты, тұрақты жер пайдалану актісі, жер учаскесінің кадастрлық номері: 02-037-001658 . Жер учаскесінің алаңы: 0.6003га, оның ішінде үлесі 0.2016га.

«Қасиет-АБИ» ЖШС-нің «Балдырған» балабақшасының ыңғайластырылған үлгідегі екі қабатты ғимараты 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасап келеді. Балабақша 200 орынға арналған. 7 топқа бала қабылданады. Оның ішінде 1 кіші топ, 1 ортаңғы топ, 2 ересек және 2 мектеп алды даярлық, 1 түзету (ортаңғы) тобы жұмыс жасап тұр. Осы аталған топтар үшін 18 педагог және17 кіші қызметкер жалпы саны 35 адам жұмыс істейді. Мектепке дейінгі мекеме ғимараты автономдық жылыумен жабдықталып, жылу жүйесіне қосылған, салқын және ыстық сумен толық қамтамасыз етілген. Санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі қызметтерінің қорытындысы мен тексерілген актілері бар. Мектепке дейінгі мекеменің ішкі және сыртқы келбеті СанЕмН талаптарына сай. Стандарт жүйесіне байланысты еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілген. Әр тоқсан сайын қызметкерлермен еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтарын сақтау туралы кеңес өткізіліп, тәрбиеші және тәрбиеші көмекшілеріне балалар өмірінің қауіпсіздігін сақтау нұсқаулықтарыөткізіліп, журналдарға қол қойылып отырады.«Қасиет-АБИ» ЖШС-нің «Балдырған» балабақшасы педагогикалық ұжымы тәрбиелеу – оқыту үдерісін:

  • ҚР «Білім туралы» Заңы Жарғысына;
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
  • Оқу жұмыс жоспарына;
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына;
  • Ішкі тәртіп ережелеріне;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының және аудандық білім бөлімінің бұйрық, нұсқау, қаулыларына сәйкес ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығына өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығын, «Ерте дамыту институты» Республикалық орталығының әдістемелік ұсынымдарын, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдардағы әр оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатын негізге ала отырып құрастырылады.

Балабақша педагогтары балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруда, тілін, сөздік қорын байытуда, рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін, ұлттық рухтарын оята отырып әр жастағы балалардың даму деңгейіне сәйкес және өздерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ҰІӘ өткізіледі. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік жағынан қамту  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ұжыммен шешілетін жылдық жоспар өзекті болып табылады, графикалық түрде ұсынылады. Педагогикалық жұмыстың нәтижесін арттыру мақсатында түрлі формада педагогикалық кеңестер, семинарлар, семинар-практикумдар, кеңес берулер, тренингтер өткізіледі. Әдістемелік жұмыстар диагностика, оқу-тәрбие жұмысын талдау, педкадрларды кәсіби даярлау деңгейі негізінде жүзеге асады. Педагогтар өз жұмыстарында жаңашыл әдістемелерді, әдіс-тәсілдерді, формаларды қолданады. Балабақша педагогтарына арналған 3 компьютер , интернет жүйесіне қосылған. Веб-сайт, білім беру порталы қолданысқа енгізілген. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен анықталған нормативтерге сәйкес әдістемелік әдебиеттер саны жинақталған. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілеріне арналған әдістемелік құралдар, кітаптар бар. Мекемеде кітапхана бұрышы, өлкетану, ұлттық бұрыш бар. Бұлар өз кезегінде балалардың рухани азық алуына, Отанына, халқына, ұлтына деген патриоттық, мақтаныш  сезімдерінің оянуына  үлес қосады.