Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kasiet-abi-baldyrgan.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Искакова Гульмира Исаевна - Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында 27.08.1968 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институтын 2012 жылы бітірген. Мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Еңбек жолын 1986 жылы Алға қаласы АХЗ №1 балабақшасында тәрбиеші мамандығынан бастаған.1991 жылдан бастап Алға қаласы АХЗ №4 бөбекжай - балабақшасына тәрбиеші болып ауысты. 2009 - 2015 жылдар аралығында Алға қаласы №2 “Айгөлек” балабақшасында жұмысын жалғастырды. 2015 жылы «Қасиет - АБИ» ЖШС - нің «Балдырған» жеке балабақшасына әдіскер болып орналасты. Сол балабақшада 2017 жылдан осы уақытқа дейін меңгеруші қызметін атқарып келеді, І санатты педагог. Еңбек өтілі 25 жыл.

Жетістіктері:

2011 жылы Аудандық білім бөлімінің “Құрмет грамотасымен” марапатталды.

- 2011 - 2013 жылдар аралығында “Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында эксперимент алаңында жұмыс жасады.

- 2013 жылы «Эко – зертхана шығармашылық іс - әрекетін басқару және ұйымдастыру» тақырыбында семинарға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Астана қаласында 2015 жылы “Педагогика және психология” орталығының ұйымдастыруымен педагогтардың және психологтардың білім беру сапасын жақсарту, заманауи білім беру үлгісін жетілдіру және жаңаландыру. Педагогтар мен психологтардың кәсіптік шеберлігін жоғарлату бойынша білімін жетілдірді.

- 2015 жылы “Табиғат - біздің анамыз” тақырыбында ортаңғы топқа арналған бағдарлама жазып аудан көлемінде тәжірибесімен бөлісті.

2015 жылы «Пони» халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін, дипломмен марапатталды.

2016 жылы «Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік» орталығының ұйымдастырылуымен өткен «Мектепке дейінгі ұйымының әдістемелік жұмысы-педегогтің кәсіби құзіреттілігін арттырудың тиімділігі» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты.

- 2017 жылы “Театрландырылған ойын түрлері және оның ұйымдастырылуы тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырып, шығармашылық  танытқаны үшін “Алғыс хатпен” марапатталды.

- 2018жылы Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауына ұжым тәрбиешілерін жоғарғы деңгейде қатыстыруды ұйымдастырып, ұжым тәрбиешілері жүлделі орынға ие болғаны үшін “Алғыс хатпен” марапатталды.

- 2018 жылы «Создание безбарьерной среды обучения в условиях инклюзивного образования» тақырыбындағы семинарға қатысты.

- 2019 жылы “ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері Қазтест.кз олимпиада сайтында балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған  бірінші Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасындағы жоғары нәтижесі үшін екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

- 2018 жылы «Жаңартылған білім мазмұны аясында мектепке дейінгі ұйымның оқу тәрбие үдерісін басқару» тақырыбында «Жас басшы мектебі» отырысына қатысты.

- 2018 жылы Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен семинарда 100 сағат көлемінде оқу курсын аяқтағаны үшін сертификат берілді.

- 2019 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталағы акционерлік қоғамы. «М. Монтессори жүйесінің тұжырымдамалық идеяларын енгізу жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық процесін басқару» курсына қатысты.

- 2019 жылы «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі атынан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

- 2022 жылы Алға ауданының  білім бөлімінің “Құрмет грамотасымен” марапатталды.